• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ұлттық экономика министрі Т.М.Сүлейменовтің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы (селекторлық тәртіптегі) отырысына баяндамасы, 29.12.18

Ағымдағы жылғы 25 желтоқсанда өткен Үкімет мәжілісінде берген ПИК, қоқыс шығару қызметтеріне және лифт қызметтеріне тарифтерді төмендетуге қатысты тапсырмаңызды орындау үшін бүгінгі күні осы қызметтерге тарифтер барлық өңірлерде төмендетілді және мынадай көрініс табады.

1) ПИК қызметтеріне 2,2%-дан 20%-ға дейін  төмендетілді.

2) қоқыс шығару қызметтеріне 1%-дан 24,7%-ға дейін төмендетілді.

3) лифт қызметтерге 3%-дан 50%-ға дейін төмендетілді.

Сонымен қатар, Министрлік «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесіп Атырау және Қызылорда облыстарының халқы үшін газға бөлшек сауда бағаларын төмендету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.