• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ұлттық экономика министрінің халық алдында есеп беруіне арналған баяндамасы 2019 жылғы 19 маусым

Бүгін мен Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беремін.

Мен мұны маңызды іс-шара деп санаймын. Мұндай іс-шарада біз не істедік, не істеп жатырмыз және болашаққа жоспарымыз туралы айтып бере аламыз.

Сонымен қатар, мен сіздерді толғандыратын сұрақтарға жауап бере аламын. Өз баяндамамда мен 2018 жылғы экономикалық қорытындыларға қысқаша тоқталамын.

Сондай-ақ, ең маңызды 3 бағыт туралы айтамын:

1) елдегі кәсіпкерлікті дамыту туралы.

2) бағалар мен тарифтер туралы.

3) өңірлерді дамыту туралы.

Содан кейін, министрлік қызметінің басқа бағыттары бойынша біз не істедік, не істеп жатырмыз және болашақта не істейтініміз туралы қысқаша баяндаймын.

  1. Экономикалық қорытындылар

2018 жылы экономикалық өсу 4,1% (төрт те бір процентті) құрады. Ол өткен жылдың деңгейін қайталады. Осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсуі 4,0% (төрт процентті) құрады. (2017 жылдың 5 айы-3,9%).

Негізгі капиталға инвестиция 2017 жылғы 5,8%-тен 2018 жылы 17,2%-ке өсті (а.ж. 5 айда – 7,8%).

Жағдайды жақсарту мен экономиканы тұрақтандыру бағаның бірқалыпты өсуіне ықпал етті. Инфляция 2017 жылғы 7,1%-тен 2018 жылы 5,3%-ке бәсеңдеді. Ол  жоспарлы дәлізде.

Қазақстандық экспорт 12,5 млрд. АҚШ долл.-на 61 млрд. АҚШ долл.-на артты. Шикі мұнай экспорты 37,8 млрд. АҚШ долл. Сонымен бірге, өңделген тауарлар экспорты 15,7 млрд. АҚШ долл.-на артты.

Мемлекеттік қаражаттың теңгерімділігі сақталды. 2018 жылы республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ 1,2%-іне азайды.  Бұл 2007 жылдан бергі төменгі деңгей.  

Өткен жылғы өнеркәсіп өндірісі көлемі – 27,6 трлн. теңге. Бұл 2017 жылға қарағанда, 4,9 трлн. теңгеге жоғары (4,1%).

Негізгі капиталға инвестициялар 2017 жылғы 5,8% (бес те сегіз процентке) қарағанда 2018 жылы 17,2% (он жеті де екі процентке) өсті (осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша - 7,8%).

Инфляция 2017 жылғы 7,1% (жеті де бір проценттен) 2018 жылы 5,3% (бес те үш процентке) дейін баяулады. Ол жоспарланған дәлізде.

Қазақстан экспорты 12,5 (он екі жарым) млрд. АҚШ долларына 61 (алпыс бір) млрд. долл. АҚШ долларына дейін өсті (өсу 25,7%-ке). Экспорттағы негізгі позиция шикі мұнайға тиесілі 37,8 (отыз жеті де сегіз) млрд. АҚШ доллары (өсу 42,2%-ке). Сол уақытта, өңделген тауарлар экспорты ұлғайды және 15,7 (он бес те жеті) млрд. АҚШ долларын құрады.

Мемлекеттік қаржының теңгерімділігі сақталды. 2018 жылы республикалық бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 1,2% (бір де екі процентіне) дейін төмендеді. Бұл 2007 жылдан бері ең төменгі деңгей.

Өткен жылғы өнеркәсіп өндірісі көлемі – 27,6 трлн. теңге. Бұл 2017 жылға қарағанда, 4,9 трлн. теңгеге жоғары (4,1%).

ҰЭМ қызметінің қортындылары

2018 жылы бюджет рәсімдерін жеңілдету жұмыстарын жүргізілді. Қортындысында республикалық бюджет 99,99%-ке игерілді.

Салық заңнамасын 100 млрд.теңгеге жетілдірудің нәтижесінде салық жеңілдігі алынып тасталды және жалақыс аз жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есе азайтылды.

 

МЖӘ механизмдерін жақсарту есебінен өткен 2 жылда 1,36 трлн. теңгеге 500 МЖӘ шарты жасалды. Бұл ретте 2005-2016 жылғы 60,8 млрд. теңгеге 21 шарт жасалды.

Өткен жылы электрондық сауданың бөлшек саудадағы үлесі 1,9%-тен 2,9%-ке немесе 92 млрд. теңгеге ұлғайды.

2017 жылы мемлекеттің экономикаға қатысы 17,3%-ке азайды.

  1. Кәсіпкерлікті дамыту

Өткен 3 жылда БЖК шеңберінде 247,1 млрд. теңге бөлінді.  Нәтижесінде 13 мың ШОБ жобасы қаржылай қолдауға ие болды.

Бағдарламаның қатысушылары жыл сайын:

  • 175 млрд. теңге салық төлейді;
  • 10 мың жұмыс орнын құрады;
  • 3,3 трлн. теңгеге өнім өндіріледі.

Сондай-ақ тұрақты негізде жылына 20 мың адам оқытылып, бизнес әлеуетін арттыру тренингі өткізіледі. 

З2019 жылғы 1 тоқсанда 715 жобаға қолдау көрсетіліп, ол бойынша 11,5 млрд. теңге төленді.

Біздің бұл бағыттағы өршіл мақсатымыз – ШОБ-тың экономикадағы үлесін 2025 жылы 35%-ке, 2050 жылға қарай 50%-ке ұлғайту.

А.ж. тамызда жаңа Бизнестің жол картасы-2025 қабылданады. БЖК-2025-те қаржылық қолдау құралдары жақсартылады.

Іріктеуге еңбек өнімділігі және бәсекеге қабілеттілігі зор жобалар алынады. Тиімділігі төмен кәсіпорынға қолдау жасалмайды. Бұл бюджет қаражатының экономикалық нәтижелілігін арттырады.

Жаңа БЖК-да айналым қаражатын кредиттеу мөлшерін көбейту көзделуде. Ол 60-тан 360 млн.теңгеге дейін. Кредиттің өзі 20-дан 60 млн. теңгеге, кредиттерді кепілдендіру 85%-ке дейін.

Сондай-ақ микроқаржылық ұйымдарды Бағдарламаға банктермен қатар қатыстыру жоспарлануда.  

Франшизалар алу мен қайта қаржыландыру кредиттері көбейеді.

«БЖК-2025» шеңберінде 30 мың жаңа жұмыс орны құрылып, салық түсімі 1,3 трлн. теңгеге көбейеді.

Еліміздегі бизнес жүргізу жеңілдігін жақсарту жұмысы Doing Business халықаралық рейтингі арқылы бағаланады. Оның қортындысы бойына, Қазақстан 8 позицияға көтеріліп, 28 орынға ие болды.

Инвентарлау қортындысы бойынша квазимемлекеттік саладағы рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін жыл сайын 5%-тен төмен қысқарту жоспарлануда.

Экономиканы мемлекет иелігіненалу мақсатында 495 млрд. теңгеге 492 нысан сатылып, 282 нысан тартылды.

Биыл 102 нысан, 2020 жылы 22 нысан сатылады.  

Экономика саласында 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жаңа мемлекеттік компания құруға мораторий жарияланды. Бұған әлеуметтік және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласы жатпайды.

Биыл мемлекеттк функцияларды бәсекелі ортаға сапалы және жүйелі беруді қамтитын заң қабылданды.  

Бұл бойынша ағымдағы жылы бәсекелі ортаға 50 мемлекеттік функция беріледі.

Заңнамалық түзетулердің 8 пакеті дайын. Өзгерістер кәсіпорындарды электрондық тіркеу жүйесін құру мен бастапқы құрылыс нысандарына техникалық төлқұжатты жоюға арналып отыр.

 

  1. Инфляция

2018 жылы баға индексі 5,3% деңгейінде.

Азық-түлік 5,1%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,4%-ке қымбаттады.

Табиғи монополия субъектілерінің қызмет тарифіне қатысты Министрлік өткен жылы коммуналдық қызмет тарифінің орташа жылдық өсуін 2017 жылғы 8,6%-тен 2,45%-ке дейін төмендетуге қол жеткізді.  

Ағымдағы жылы тариф өсуі орта есеппен мүлде 2,4%-ке азайды.

А.ж. 5 айда табиғи монополия және жер ресурстарын қорғау субъектілеріне 87 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Бүгінде 32 субъект 71,4 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын тоқтату туралы 39 ұйғарым енгізілді.

Баға өсімін тежеу және баға келісімін болдырмау мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақты мониторинг пен талдау жасалады.

Бағаны тежеудің тиімді тәсілі КТО (көтерме-тарату орталықтары) құрылысы.

Бұл орталықтар азық-түлікті сатып алу, сақтау, орау, сату, тасымалдау боынша кең көлемде қызмет көрсетеді.

  1. Өңірлерді дамыту

Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 2020 жылға дейін іске асырудың қортындысы бойынша:

  • урбандалу деңгейі;
  • 2018 жылы қалаларда орталық сумен жабдықтау артты.

Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу 59,9%, бұл 2017 жылмен салыстырғанда –2,5 п.т. артық.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 4 мыңнан астам маманға тұрғын үй алу үшін 13,7 млрд.теңгеге бюджеттік кредит берілді.

2018 жылдан бастап 1062 аудандық маңызы бар қала мен халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округте жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған  1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы Министрлік өңірлік даму бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжат әзірледі. Ол мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттарды орындаудың негізі. Бұл бірінші кезекте, Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы. Ол халықтың тұрмыс сапасын қалалық аудандарда, моно- және шағын қалалар мен тірек ауылдардағы инфрақұрылымды дамыту арқылы арттыруға бағытталады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент секілді ірі қалалардың және облыс орталықтарының инфрақұрылымы жақын орналасқан ауылдармен бірге дамиды.

Өңірлерді абаттандыру, халықты ауыз сумен және су тарту қызметімен тиімді және үнемді қамтамасыз ету міндеті шешіліп, жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ахуалы жақсартылады.

Өңірлерді 2025 жылға дейінгі дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қортындысы бойынша орталық сумен жабдықтау жүйесіне: қалаларда 97%, ауылдарда 62%-ке дейін қол жеткізу артады. Су тарту қалада 97%; ауылда 13%. 4385 шақырым сумен жабдықтау және 616 шақырым су тарту желісі салынады.

Бұл жоспарларды жүзеге асыру халықтың әлеуетін тұрған жеріне қарамастан әлеуметтік және экономикалық игіліктерге қол жеткізуінің есебінен арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаның қабылданған шаралары 2025 жылға қарай еліміздің урбандалу деңгейін 62%-ке арттыруға және өңірлер арасындағы жан басына шаққандағы ІӨӨ алшақтығын 2,8 есеге азайтуға мүмкіндік береді.  

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша келешегі зор ауылдарда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу, салу және қайта құру мақсатты түрде орындалмақ.

 

  1. ҰЭМ қызметінің басқа да мәселелері:

Ішкі сауданың ЖІӨ құрылымындағы үлесі тұрақты 2-орында. Ол 16,8%.

Сауда саласында Қазақстанның 1/3 ШОБ-ы жұмыс істейді. Онда 1,5 млн. адам еңбек етсе, бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. 2018 жылдың қортындысында 17 базар заманауи форматқа көшіріліп, 26 сауда нысаны іске қосылды.

Бүгінде Министрліктің негізгі жұмыс бағдары азық-түлік бағасын тежеуге және электроындық сауданы дамытуға арналып отыр.

Бағаны тежеу үшін мыналар көзделуде:

- әкімдіктердің әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға күрт өсуі кезінде шекті баға белгілеу мүмкіндігін енгізуі;

- сауда желілерінің әлеуметтік тауар үшін төлемақы өндіруіне тыйым салуын белгілеу;

- ӘМАТ-қа шекті сауда үстемақысын белгілеу;

- қазақстандық азық-түлік тауарлары үшін выделение 30%-тік сөре кеңістігін бөлу.

Онлайн сауданы ынталандыру үшін 2030 жылға дейін ЖТС және КТС жойылды.

Экспорттық тауарларды декларациялау тәртібі жеңілдетілді. Енді пошта құжаттары декларация ретінде танылады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау институты күшейтілуде. Электрондық саудадағы сатып алушы кәдімгі саудадағыдай қорғалған.

Тиімді бюджеттік-салықтық саясат жүргізіледі. Ол мемлекеттік қаржыны иекемді және қолайлы салықтық ортада қолдауға бағытталған.

2020-2022 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік шығындар, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызмет түрлері қайта бөлініп, оңтайландырылады. Құрылыс шығындарының, мемлекеттік сараптама өткізуді қоса алғанда, тиімділігі күшейтіледі.

Бюджетаралық қатынастар саясаты өңірлік экономиканы дамыту мен ЖАО қаржылық дербестігін кеңейтуге бағытталады.

2020 жылдан бастап, жергілікті бюджеттерге ШОБ КТС түсімдері қосымша беріледі. Бұл 400 млрд. теңге қосымша жергілікті табыс.

Бұл ЖАО-ның бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі дербестігі мен жауаптылығын күшейтеді.

Қазіргі уақытта әлем бойынша ақшасыз төлемге белсенді түрде ауысу жүргізілуде. Ақшасыз айналым көлеңкелі экономиканы азайтудың, бизнес табысының айқынжылығы мен адал бәсекелестікті арттырудың құралы.

Жаңа инвестицияларды тарту, сондай-ақ жаңа өндірісті дамытуды ынталандыру мақсатымен инвестициялық салық кредиті енгізіледі.

Сондай-ақ, салық төлеушілердің әкімшілік және уақытша шығындарын азайту мақсатында салықты және әлеуметтік төлемдер төлеуді жеңілдету жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінде көпқабатты үйлердің тұрғындары мүлік және жер салығын төлеуге мәжбүр. Бұл ретте салық сомасы аз, ал әкімшілік шығын едәуір.

Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру ұсынылуда. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үй иелерінің жер салығы алынып тасталады.

Көлік салығын төлеу мерзімін өзгерту көзделуде. Қазірде салықты жыл соңына дейін төлеу қажет. 2020 жылдан бастап, салықты келесі жылғы 1 сәуірге дейін төлеу жоспарлануда (яғни, бізде нақты 15 ай бар). Бұл автомобиль иелері үшін қолайлы.  

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – адал салық төлеушінің мүддесін қорғау.

Инвестиция тартудың кешенді экожүйесін құру үшін Министрлікке берілген құзырет шеңберінде инвестиция тартудың тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастыруға назар аударылады. Бұл жерде тек шетелдік қана емес, отандық инвестицияға да назар аударылады.  

Министрліктің жанында инвестициялық заңнама мен климатты жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Инвестициялық Штаб жұмыс істейді.

Оның шеңберінде мынадай заңанамалық өзгерістер орын алуы тиіс:

  • инвесторларға экономиканың басым салаларындағы ірі жобалар бойынша тұрақты жағдай туғызу;
  • инвестициялық салық кредиті;
  • салықтық заңбұзушылықтарды қылмыс деп танымау;
  • көші-қон, еңбек, кеден, қылмыстық заңнаманы жетілдіру.

Премьер-Министрдің төрағалығымен Инвестиция тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылған.

Бұдан басқа, МЖӘ негізінде «Бірыңғай терезе» енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл инвесторларға денсаулық сақтау, ТКШ, туризм секілді қызықты салалардағы жобаларды табуға көмектеседі.

Экспортты жылжыту шеңберінде экспортты қаржылай және қаржысыз қолдау шаралары қабылданады.

ЕАЭО елдерімен саудадағы экономикалық мүдделерді қоорғау бойынша 26 кедергі жойылды.

Қазақстанға қатысты шетелдік мемлекеттер тарапынан 5 демпингке қарсы шара еңсерілді. Экспорттаушылардың рәсімдерін жеңілдету үшін «Бірыңғай терезе» енгізіліп, қызметтер автоматтандырылды.

Экспорт географиясын кеңейту үшін «Жақын орта» елдеріне отандық тауар жеткізу мәселесі пысықталуда. Біздің бағалауымызша, 2022 жылға қарай, Ресей мен Қытайға неғұрлым ірі экспорттық тауарларды 8,1 млрд. АҚШ долл.-на арттыру мүмкін болады.  

Үндістан, Египет, Израиль және Сингапурмен сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер жасалды.

Сіздермен тиімді және жедел кері байланыс орнату үшін еgov-та  «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталы жұмыс істейді. Сіздердің әрқайсыларыңыз сол жерде әзірленіп жатқан заңнамалық актілермен танысып, өз пікірлеріңізді бере аласыздар.

«Ашық диалог» порталында интернет-конференциялар мен сауалнама жүргізіледі.

Бұдан басқа, Министрлікте «Сенім телефоны» жұмыс істейді. Ол жерде сіздер сыбайлас жемқорлық мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлай аласыздар.

Сондай-ақ, Министрлік сайтында біз «Идеялар жәшігін» іске қостық. Әрбір ынта білдірген адам ол жерге экономикамыздың дамуы туралы өз ұсынысын тастай алады. Барлық түскен сауалдарды Министрліктегі сарапшылар командасы қарайды.

Қойылған міндеттерді табысты іске асыру тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, макроэкономикалық тұрақтылыққа ықпал етеді.