• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында тұрақты жұмыс жүргізуде. Министрліктің мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық әрекетінің алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған:

  • Министрлікке қабылданған қызметкерлерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);

  • мемлекетік қызметке алғаш қабылдаған жұмыскерлерді ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тексерістен өткізу;

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен бекітілген шектеулерді қабылдау бойынша жазбаша міндеттемелерді рәсімдеу;

  • Министрліктің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметті өткеру уақытында пайдаланымды кірістер алуға әкелетін мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қажеттігі туралы жазбаша хабарламалар беру іс-шаралары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Министрліктің сайтында азаматтарға мемлекеттік қызметкерлермен лауазымдық құзыретті шектен тыс қолдану фактілері туралы хабарлау мүмкіндігі үшін сенім телефоны орналастырылған. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін пошта жәшігі көзделген.

Мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан келгендің, жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларцияларды уақтылы тапсыруы бойынша жұмыс жүргізіледі.

Министрліктің басшылары қабылдау кестесіне сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізеді.

Сонымен бірге, Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Министрлікте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі (тиісті ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне 2016 жылғы 29 маусымдағы № 33-3/16304 хатпен жолданды).

Сонымен бірге, қазіргі уақытта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, тұтынушылар құқықтарын қорғау сияқты қоғамдық қатынастардың оқшауланған салалары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітіледі (көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірлеу сатысында).

Бұл ретте Министрлік Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiмен бірлесіп Министрліктің, оның ведомстволары мен өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары және құқық бұзушылықтар бойынша салыстырып тұрақты тексерулер жүргізеді.

Министрлікте мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға үлкен назар аударылады.

Мәселен, Министрліктің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша анықтамалық ақпарат, сондай-ақ нормативтік-құқықтық база орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 қаулысымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 6-тармағын орындау үшін Министрліктің 2016 жылға арналған бизнес процестер мен мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

Министрлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары толық көлемде іске асырылуда.