• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту туралы 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының  2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  2. мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;
  3. осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
  4. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі 

Статистика комитетінің төрағасы                                                                                                               Н. Айдапкелов

 

«Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының

2017 жылғы «__»____________

№ ____ бұйрығына анықтама-негiздеме 

Көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттiк органның ақпараты

1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

2.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 

2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 16) тармақшасына

 сәйкес

3.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2016 жылғы 

6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттiк тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 

51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсетумен, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер шығыстарының артуын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Көздемейді

5.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiметтер

Көздемейді

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы  туралы мәліметтер

www.stat.gov.kzорналастырылған

7.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 

2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылған тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Талап етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

 

10.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

 

Заң басқармасының басшысы                                            Б. Қабылова

 Жоба

Қазақстан Республикасы 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының

2017 жылғы «___» _______

№ __ бұйрығымен бекітілді

   

Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен

шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді

өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті орган ведомствосының үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғым Заңда айқындалған мәндерде, сондай-ақ мынадай анықтама қолданылады:

  1. іріктемелі жиынтық (іріктеме) – зерттеуге қатысу үшін белгілі бір рәсімнің көмегімен бас жиынтықтан таңдап алынған жағдайлар (сыналатындар, объектілер, оқиғалар, үлгілер) жиыны.

2. Үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде жинау рәсімі

3. Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу (бұдан әрі – Зерттеу) Қазақстан Республикасының барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында өткізіледі. Зерттеу іріктемеге түскен үй шаруашылықтарының ерікті қатысу қағидаттарында құрылады.

4. Бастапқы статистикалық деректерді жинау тиісті жылға белгіленген тәртіппен бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарына және Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Жыл сайын 10 қаңтарға дейін зерттеуге қатысатын үй шаруашылықтарының тізімдері қалыптастырылады. Үй шаруашылықтары мүшелері болмаған немесе зерттеуге қатысудан бас тартқан жағдайда жыл ішінде тұрғын жайлардың мекенжайларын ауыстыру жүзеге асырылмайды.

6. Зерттеу респондентерге пікіртерім жүргізу және құралдарға (сұрақнамаларға) мәліметтерді жазу жолымен жүзеге асырылады. Респонденттерге пікіртерім жүргізу арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.

7. Бару кестесін жоспарланған бару күндерімен («жоспар» бағаны) аумақтық органның лауазымды адамы әрбір тоқсанға жасайды және интервьюерге орындау үшін беріледі. Интервьюер Кестеге нақты барған күндерді («нақты» бағаны) жазады және тоқсан аяқталған соң Бару кестесін талдау және бақылау үшін аумақтық органның лауазымды адамына ұсынады.

8. Аумақтық органның бір лауазымды адамы төрт интервьюердің жұмысын бақылайды.

9. Жеке алынған үй шаруашылығын зерттеудің есепті кезеңі тоқсанды қамтиды.

Барысында үй шаруашылығының барлық мүшелерінің тізімі жасалатын және үй шаруашылығы туралы негізгі ақпарат жиналатын негізгі сұхбат; үй шаруашылықтарының алдыңғы үш айдағы ақшалай кірістері мен ірі (негізгі) шығыстары туралы ақпаратты қамтитын тоқсандық төрт сұхбат; үй шаруашылығының азық-түлік өнімдеріне, жеке көлік құралдары үшін жанар-жағармай материалдарына жұмсалған шығыстарын және жеке меншік қосалқы шаруашылықтан тұтынылған немесе сыйлыққа алынған азық-түлік өнімдерін тіркейтін екі апталық төрт күнделік зерттеудің басты компоненттері болып табылады.

3. Үй шаруашылықтарына олардың кірістері мен шығыстары туралы бастапқы статистикалық деректерді ұсынғаны үшін сыйақы төлеу тәртібі

10. Үй шаруашылықтарына зерттеуге қатысқаны үшін зерттеудің негізгі статистикалық нысандары: күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі (индексі D 003) тоқсандық; үй шаруашылықтарының табыстары мен шығыстары бойынша тоқсан сайынғы сұрақнама (индексі D 004) тоқсандық; тоқсан сайынғы шығыстар мен табыстарды есепке алу журналы (индексі D 005) тоқсандық; негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама (индексі D 006) жылдық; үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасын (индексі D 008) тоқсандық, жылдық толтырғаны үшін Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен белгіленген мөлшерде төлемдер жүргізіледі.

Үй шаруашылықтары біржолғы қосымша модульдер бойынша деректерді өтеусіз негізде ұсынады.

11. Үй шаруашылықтарына сыйақы төлемдері қызметтерді өтеулі көрсету шарттың және орындалған жұмыс (көрсетілген қызметтер) актісінің негізінде жүргізіледі. Төлемдер Қазпошта акционерлік қоғамның бөлімшесі немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы үй шаруашылығының жалақы шотын ашу арқылы жүзеге асырылады.

12. Үй шаруашылықтары аумақтық статистика органы басшысының атына жазбаша өтініш ұсына отырып төлемдерді алудан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда төлем жасалмайды.