• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Үздік аударма» конкурсы

Ағымдағы жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)  Ішкі әкімшілендіру департаментінің Мемлекеттік тіл басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 6-тармағына сәйкес «Үздік аударма» конкурсын өткізді. Конкурстың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің арасында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, олардың мемлекеттік тілде құжаттарды дұрыс дайындау және латын графикасында сауатты жазу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Конкурс үш кезеңнен тұрды:

«Білгеніңіз жөн болар» деп аталған бірінші кезеңде тест жүйесі бойынша мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің дұрыс аудармасын табу қажет болды;

«Хабарландыру жаза аласыз ба?» деп аталатын екінші кезеңде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып шағын хабарландыру мәтінін жазуға тапсырма берілді;

«Дұрыс аударып жүрміз бе?» атты 3-кезеңде экономика саласы бойынша берілген мәтінді орыс тілінен мемлекеттік тілге аударып, латын графикасы әріптерімен жазуға тапсырма берілді.

Конкурсқа Министрлік пен Комитеттің 23 мемлекеттік қызметшісі қатысты.

Конкурсқа қатысқан жұмыстарды тексерген әділқазыларға 2018 жылы өткізілген «Үздік аударма» конкурсының жеңімпазы, Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы К. Хамитова төрағалық еткенін атап өту қажет.

Конкурстың нәтижесі бойынша:

1-орынды Салық және кеден саясаты  департаментінің бас сарапшысы А. Ахметжанова;

ІІ орынды Статистика комитетінің бас сарапшысы М. Амержанова;

ІІІ орынды Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы Б. Сахыпова жеңіп алды. 

Конкурстың жеңімпаздары тиісінше марапатталатынын атап өтеміз.