• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңартылған құжаттамамен расталған ақпарат негізде статистикалық әдіснаманың кез келген аспектісінің өзгеруі кезінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

Жаңартылған құжаттамамен расталған ақпарат      негізде статистикалық әдіснаманың кез келген аспектісінің өзгеруі кезінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты  қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 18-1 ) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жаңартылған құжаттамамен расталған ақпарат негізде статистикалық әдіснаманың кез келген аспектісінің өзгеруі кезінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары бекітілсін. 

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  2. осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрдегі оның көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
  3. осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
  4. осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы                                                                          Н. Айдапкелов

 

«Статистикалық әдіснаманың кез келген аспектісінің өзгеруі кезінде статистикалық мақсатта жарияланған ресми статистикалық ақпаратты жаңартылған және құжаттамалық ақпаратпен расталған негізде қайта қарау тәртібі» Қазақстан Республикасы 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы «__»____________

№ ____ бұйрығына анықтама-негiздеме

Мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттiк органның 

 ақпараты

1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынған мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

2.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 

2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының __-бабының __ ) тармақшасына

 сәйкес

3.

Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттiк тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 

51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздейме

Көздемейді

5.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiметтер

Көздемейді

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы  туралы мәліметтер

www.stat.gov.kzорналастырылған

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Талап етілмейді

9.

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

1)       

10.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

11.

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

 

12.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

 

Заң басқармасының басшысы                                                                                               Б. Қабылова

 

Қазақстан Республикликасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитеті төрағасының

2017 жылғы «__»_________

№___ бұйрығымен бекітілген

Жаңартылған құжаттамамен расталған ақпарат негізде статистикалық әдіснаманың кез келген аспектісінің өзгеруі кезінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары

1.  Жалпы ережелер

1. Жаңартылған құжаттамамен расталған ақпарат негізде статистикалық әдіснаманың кез келген аспектісінің өзгеруі кезінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының әрі қарай - Заң) 12 бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті түрлер мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикликасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қызметкерлеріне қолданылады.

3. Осы Қағидаларда Заңда белгіленген мәндегі ұғымдар, сондай-ақ келесі анықтамалар пайдаланылады:

  1. алдын ала (жедел) деректер – қайта қарауға жататын бастапқы статистикалық деректерді өңдеу барысында алынған агрегатталған деректер;
  2. әзірлеуші – статистикалық көрсеткішті әзірлеуге жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі;
  3. жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау 
  4. – ресми статистикалық ақпаратты жинау-өңдеу-тарату үдерістерін қайтадан немесе үдерістердің жеке бірін жіберу арқылы алынған статистикалық жарияланған статистикалық ресми ақпараттағы кез келген өзгерістер;
  5. үнемі қайта қараулар – Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген және үнемі статистикалық үдерістермен байланысты жарияланған ресми статистикалық ақпараттың өзгерістері (жинау, өңдеу, жариялау);
  6. арнайы қайта қараулар – Статистикалық жұмыс жоспарында көзделмеген және күтпеген жағдайларға байланысты жарияланған ресми статистикалық ақпараттың өзгерістері.

2. Жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау

4. Жаңартылған құжаттамамен расталған ақпарат статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қараудың негіздемесі болып:

  1. уәкілетті орган ведомствосының бұйрықтары;
  2. заңды күшіне енген сот актілері табылады.

5. Жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қараудың себептері:

  1. жаңа ақпарат көздерінің қосылуы (бастапқы статистикалық деректер; әкімшілік деректер; мемлекеттік органдардың статистикалық ақпараты; басқа мемлекеттердің статистика органдары мен халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпараты). Есепті жасау кезінде жоқ болған деректер қосымша есептеледі және олар бойынша өзекті ақпарат алынғаннан кейін барлық көрсеткіш қайта қаралады және нақтыланады. Қайта қарау әзірлеушіге уақыт қатарларын бөлмей, оның анықтығын жоғарылата отырып көрсеткішті есептеуде жаңа және нақтырақ деректерді енгізуге мүмкіндік береді.
  2. әдіснамадағы немесе жіктелімдердегі өзгерістер. Жаңа жіктелімдерге көшу немесе көрсеткіш есептеу әдіснамасын өзгерту кезінде көрсеткіштердің біртектілігі мен салыстырмалылығын сақтау үшін динамикалық ретроспективті деректер қатарын қайта есептеу жүргізіледі.
  3. қателерді түзету. Ресми статистикалық ақпаратты жариялағаннан кейін қателер табылған жағдайда түзету кажеттілігі туындайды: көрсеткішке маңызды ықпал ететін дерек көздерінде (респонденттердің немесе әкімшілік көздердің қателері) немесе деректер есептеуде (техникалық қателер).
  4. түпкілікті жылдық деректерді алу. Түпкілікті жылдық деректердің негізінде айлық деректерді қайта есептеу және статистика салалары бойынша деректердің физикалық көлемінің ай сайынғы және жылдық индекстерін келісу жүргізіледі.
  5. респонденттер шеңберін ескеріп деректерді түзету. Респонденттер шеңбері өзгерген кезде іріктемелі зерттеу жағдайында кезеңі бойынша (есептік кезеңнің соңына) статистикалық көрсеткішті деңгейлестіру жүзеге асырылады.

2.1. Үнемі қайта қараулар

6. Үнемі қайта қарауға Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген жарияланған ресми статистикалық ақпараттың өзгерістері жатады.

7. Үнемі қайта қараулар кезінде статистикалық ақпаратты пайдаланушылар тиісті жарияланымдарда деректердің алдын ала екендігін және Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес белгіленген мерзімдерде қайта қарауға жататындығы жөнінде хабарландырылады.

2.2. Арнайы қайта қараулар 

8. Егер ресми статистикалық ақпаратты жарияланғаннан кейін бастапқы статистикалық деректерде немесе статистикалық үдерісте қателер табылса, әзірлеуші бұрын қалыптастырылған көрсеткіштерге жаңартылған ақпараттың ықпалына талдау жүргізеді. Оған байланысты қайта қарауды жүзеге асыру қажеттілігі жөнінде шешім қабылданады.

9. Арнайы қайта қараулар қайта қарау туралы шешім қабылданғаннан кейін қысқа мерзімдерде жүзеге асырылады.

10. Жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау тек қана статистикалық мақсаттарда жүзеге асырылады. Пайдаланушылар егер бұрын жарияланған ақпаратты қолданса, жаңадан жарияланған деректерді қолдану, қолданбауын өздері шешуге құқылы.