• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы бойынша 2019 жылғы 25 сәуірдегі ақпарат

2019 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша, Жекешелендірудің кешенді жоспарының 897 нысанының бүгінгі күні 551-і сатуға қойылып, оның 495 млрд.теңге сомасындағы 493 нысаны:   

  • республикалық меншіктегі 52 нысан 63 млрд.теңгеге;
  • коммуналдық меншіктегі 248 нысан 64 млрд.теңгеге;
  • ұлттық холдингтің 105 нысаны 361 млрд.теңгеге;
  • 88 ӘКК нысаны 7 млрд. теңгеге сатылды.

Бұдан басқа, 282 нысан қайта құру және таратуға беріліп, оның 185-і бүгінде қайта ұйымдастырылды және таратылды. 64 нысан сатылымға әзірленуде.

Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы, қайта құрылған және таратылған нысандарды қосқанда, бүгінгі күні 86%.

2019 жылы 125 нысан сатылуы тиіс. Бүгінгі күні 81 нысан сатуға қойылды, оның 23-і 31 млрд.теңгеге сатылды, 58-і сатылымда. 2 нысан бойынша қайта құру және таратуға шешім шығарылды. Ағымдағы жылы 42 нысан сатылады.