• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2018 жылға арналған лимиттері белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

министрі                                                                Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

_____________________ Б. Сұлтанов

2018 жылғы «           »________________

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2018 жылғы «  » қыркүйектегі

№     бұйрығына

қосымша

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға

арналған лимиттері

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының

лимиті, мың теңге

1

2

3

1

Ақмола облысы

47 477 044,4

2

Ақтөбе облысы

47 835 906,6

3

Алматы облысы

47 610 531,3

4

Атырау облысы

32 003 399,3

5

Шығыс Қазақстан облысы

60 605 762,2

6

Жамбыл облысы

51 178 523,3

7

Батыс Қазақстан облысы

42 677 484,5

8

Қарағанды облысы

62 523 666,1

9

Қостанай облысы

53 071 487,0

10

Қызылорда облысы

57 858 202,1

11

Маңғыстау облысы

26 056 925,7

12

Павлодар облысы

32 034 922,3

13

Солтүстік Қазақстан облысы

34 747 483,9

14

Түркістан облысы

40 198 102,5

15

Шымкент қаласы

56 075 645,0

16

Алматы қаласы

61 958 926,2

17

Астана қаласы

102 389 044,8