• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 бұйрығына (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17442 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының бірінші вице-министріне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Орналастырылған: 28.08.2019
Жаңартылған: 29.08.2019