• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жиі қойылатын сұрақтар

1)  Азаматтарға ақпарат үшін

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы №412 Жарлығына сәйкес, сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдақтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Елді мекендердің шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жыл 18 мамырдағы №295 қаулысына сәйкес жер ресурстары функциясы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілгендігін қосымша хабарлаймыз.

2) Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына қатысты.

Жауап: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №354, 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276 және 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 (бұдан әрі – жоспар) қаулыларымен бекітілген өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылының жоспарының мақсаты кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту болып табылады.

Жоспардың 4 тармағына сәйкес несиелер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мақсатты пайдалану, ақылылық, жеделділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілгендік шартымен беріледі, оның ішінде бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісін қаржыландырудың ең көп лимиті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаржысының есебінен берілген барлық несиелер үшін - 1850000000 теңге.

Кәсіпкерлік субъектілеріне тиістілігіне қатысты.

Жауап: Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты туралы анықтама алуға «Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау» (elicense.kz) порталында мынадай тәртіптегі: «Қызмет көрсету» – «Анықтамалар» – «Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты» сілтемесі бойынша өту арқылы қол жеткізуге болады.

«Электрондық лицензиялау» порталында анықтама алу мүмкін болмаған жағдайда сіз талап етіліп отырған кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама алу үшін Министрлікке хабарласа аласыз.

3) Қызмет көрсетулердің тарифтері:

Электр энергиясының тарифтері туралы.

Жауап: Энергиямен жабдықтау қызметін көрсету (электрмен жабдықтау) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №233 бұйрығымен және өзге де заңнамалық актілермен бекітілген Электрмен жабдықтаудың типтік келісімі арқылы реттеледі.

Газбен жабдықтау мәселесі бойынша

Жауап«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – газ туралы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭМ) жыл сайын 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайын есепке алу арқылы әрбір облыс, республикалық маңыздағы қалалар, астана үшін жеке тауарлық газды көтерме саудамен алудың шекті бағасын бекітеді.

4) Тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін мемлекеттік бажды жою

Жауап:

Қазіргі уақытта тұрғылықты жерге тіркеу рәсімі автоматтандырылған және жекелеген сатып алуды, бланктарды және азаматтарды тіркеу кітабын, мекен-жайға келу парағын толтыруды талап етпейді.

Осыған байланысты, жаңа Салық кодексінің жобасында тұрғылықты жерге тіркеу үшін мемлекеттік бажды алып тастау жөніндегі норма қарастырылған.

Бұл түзету қолданыстағы норманы қате түсіндіруге және қоғам тарапынан тұрғылықты жерді уақытша тіркеу үшін мемлекеттік баж өндіруді теріс қабылдауға жол бермейді, сондай-ақ азаматтардың қаржылық ауыртпалығын төмендетуге мүмкіндік береді.

5) ҚР-ның Ұлттық қорына ҰБХ, ҰХ, ҰК және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін жекешелендіруден түскен ақша қаражаттарды бағыттауды түсіндіруге қатысты.

Жауап: Мемлекет басшысының 2016 жылғы 10 ақпандағы Жекешелендіруден түскен қаражатты ҚР Ұлттық қорға бағыттау бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырманы орындау үшін 2017 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.

Осы түзетулерге сәйкес ҰБХ, ҰХ, ҰК және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер Ұлттық қорға Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тәртіпте және тізбеде жіберіледі.

Осылайша, Ережеге [1] сәйкес Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға жіберу жария орналастыру шеңберінде компаниялар акцияларының қосымша эмиссиясы нәтижесінде түскен қаражатты қоспағанда:

1) мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісі есебінен түсетін түсімдер;

2) Ұлттық қор алдындағы міндеттемелерді өтеу ретінде жүзеге асырылады.

Мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың таза кірісін бөлуді және Ұлттық қорға жіберілетін қаражат мөлшерін бекітуді ішкі корпоративтік рәсімдер шеңберінде мемлекет тікелей қатысатын компаниялардың жалғыз акционері жүзеге асырады.

Өз кезегінде, компанияның таза кірісі барлық шығыстар мен салықтарды шегергеннен кейін қаржы жылындағы жалпы табыс ретінде түсіндіріледі.


[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысымен бекітілген, Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидалары.

6) ТМС реттеліп көрсетілетін қызметке тарифте ескерілмеген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді табиғи монополиялар туралы заңнамада және Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға міндетті ме?

Жауап: Заңның 18-4-бабының 1-тармағына сәйкес шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу тендер нысанында жүзеге асырылады.

Шығындары тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған. 

Сонымен бірге, Заңның 18-4-бабының 3-тармағына сәйкес Қағидаларда айқындалған сатып алуды өткізу тәртібі сатып алуды:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес;

дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп проценті ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополия субъектілері жүргізген жағдайларға қолданылмайтынын атап өтеміз.

7) Кәсіпорынның энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуға лицензия алу үшін меншігінде электр желілері (қосалқы станциялар және электр беру желілері) болуы қажет пе)?

Жауап: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қызметі лицензияланатын болып табылады.

Айталық, «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығымен (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қызметпен айналысу үшін лицензия алу үшін қажет құжаттардың тізбесі айқындалды.   

Біліктілік талаптарына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымның меншік құқығында электр желілерінің (қосалқы станциялар мен электр беру желілері) болуы көзделмеген.

8) Табиғи монополия субъектісінің тендерге қатыспаған өнім берушіден бір көзден алу тәсілімен ТРУ сатып алуды жүргізуге құқылы ма?

Жауап: Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктері «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-4-бабында және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған.    

Қағидалардың 81-тармағына сәйкес бiр көзден сатып алу – бұл тендер қолданылмайтын сатып алу тәсілі және мынадай:

1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер табиғи монополия субъектiсi болып табылатын әлеуетті өнiм берушiде ғана болатын немесе нарықтың қандай да бiр субъектiсi тауардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тиiстi түрiнiң бiр ғана әлеуетті өнiм берушiсi болып табылатын немесе сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер белгiлi бiр тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiнде ғана болатын немесе қандай да бiр нақты әлеуетті өнiм берушi осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге ерекше құқыққа ие болатын;

2) дүлей апаттар (жер сiлкiнісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, эпидемия мен эпизоотия, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың кеселдері және зиянкестермен зақымдануы, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік және басқа да апаттар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар тастандыларының (тарату қауіпі бар) апаты, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетикалық және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылғыларында апаттық жағдай туғызған төтенше жағдайлардың болу салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге шұғыл қажеттілік туындайды, бұл тендер өткiзу мүмкіндігін болдырмайтын;

3) қандай да бiр өнiм берушiден тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алған тапсырыс берушiде осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бiріздендіру, стандарттау немесе сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сол бiр өнім берушiден сатып алу қажеттiгi туындайтын;

4) тендер екi рет өткiзілмеді деп танылған және тапсырыс берушiнiң осы Қағидалардың 51-тармағының 1) тармақшасында көзделген шараларды қабылдауы сатып алу шартын жасасуға алып келмеген;

5) тендер әлеуеттi өнім берушiлерден өтiнiмдердің болмауына байланысты өтпедi деп танылған жағдайларда ғана өткізіледі.

Осылайша, бір көзден сатып алу Қағидалардың 81-тармағының талаптарын ескере отырып тендер қолданылмай өткізіледі.

Бұдан басқа, табиғи монополия субъектісі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу кезінде Қағидалардың 81-85-тармақтарын басшылыққа алуға міндетті.

9) «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық қызметтерді қосу және сөндіру тәртіптемелеріне қатысты.

Жауап: «Қазақтелеком» АҚ-ның (бұдан әрі -Қоғам) ақпараты бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығымен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 31-тармағына сәйкес телефон байланысы қызметтері жеке тұлғаларға Телефон байланысы қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі және ол абоненттің шарт жасасу туралы өтінішті беруі арқылы, оны құптағанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Телекоммуникация қызметтерін көрсету жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған Қоғамның www.telecom.kz. сайтында жарияланған Жария шарт негізінде жүзеге асырылады.

Шарт телефон байланысы қызметін көрсетуге арналған өтініштер беру кезектілігіне қарай техникалық мүмкіндік кезінде жасалады.

Абоненттерге телекоммуникация қызметтеріне қосылу үшін қол жетімді тәсілдердің бірімен өтініш беру қажет:

1) телекоммуникациялар қызметіне қосылуға өтініш беруге немесе www.telecom.kz порталында қызметтер бойынша консультациялар үшін кері қоңырауға тапсырыс беруге;

2) 160 телефон номері бойынша байланыс орталығына хабарласу;

3) сервистің жақын арадағы орнына бару.

Қағиданың 34-тармағының 4-тармақшасына сәйкес тәртіп, Шарттың бұзу тәртібі, талаптары айқындалады.

Жария шарттың 28-тармағының 6-тармақшасына сәйкес абонент операторды жазбаша түрде хабардар ете отырып, оған қалыптасқан берешек сомасын, сондай-ақ қызметті көрсетумен байланысты нақты шығындарды шартты бұзу күніне дейін төлеумен, жабдықты қайтару кезінде (оператор осындай жабдықты жауапты сақтау немесе жалдау шарттарында) егер басқасы оператор және абонент арасындағы жеке келісімдермен көзделмесе, Шартты бір жақты негізде бұзуға құқылы.

Қоғам мамандарының телекоммуникация қызметтерінен бас тартуды қалайтын абоненттермен өзара әрекеттесу тәртіптемесі Қоғамның ішкі құжаты «Қазақтелеком» акционерлік қоғамындағы абоненттерге реактивті жылыстау жұмысының регламенті» (бұдан әрі - Регламент).

Регламенттің 5-тармағына сай қызметтерден бас тартумен телефон бойынша өтініш берген жағдайда Байланыс орталығының қызметкері абонентті Сервис желісінің орнына жауапты маманға келу қажеттілігі туралы ақпарат беруі қажет.

Осы талап телекоммуникация қызметтерін толық сөндіруден бұрын (берешектің болмауын тексеру, жауапты сақтау шарттарында берілген жабдықтарды тапсыру) абоненттің жоғарыда көрсетілген Жария шарт талаптарын орындауды тексеру қажеттілігімен, сондай-ақ абонент проблемаларын анықтау үшін соңғы айдағы қызметтер сапасымен байланысты  абонент проблемаларын бағдарламалық қамтамасыз етуде абоненттердің қызметтер сапасына арналған шағымдары бар және қызметтерден бас тарту себептерін анықтаумен өтініштерінің болуын анықтау үшін түсіндіріледі.

Осылайша, Қоғамның телекоммуникациялық қызметтерді көрсетуге арналған шарттарды жасау және бұзу тәртібі бойынша іс-қимылдары Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнама және Жария шарт талаптарына  сәйкес келеді.

10) Интернет-дүкеннен тиісті сапасы мен сертификаты жоқ тауарға тапсырыс бердім. Тауар қайтарылды, үш айдан бері өз ақшамды қайтара алмай жатырмын. Тұтынушы ретінде өз құқықтарымды қорғау үшін кімге хабарласуға болады.

Жауап: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 41-бабының 1-тармағының  4),7),17) және 18) тармақтарына сәйкес өтініштер, шағымдар қабылдауды жүзеге асыруға,тұтынушылардың мүдделеріне, оның ішінде тұтынушылардың айқындалмаған тобының мүдделеріне орай сотқа талап-арыз беруге, тұтынушыларға заңдық және консультациялық көмек көрсетуге, тұтынушы мен сатушы (орындаушы, дайындаушы) арасындағы жанжалдарды шешу кезінде медиация процесінде өз мүшелері арқылы тұтынушылардың мүдделерін білдіруге құқылы.

Сіздің өтінішіңізде көрсетілген азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодекстің (бұдан әрі - АПК) 4-бабына сәйкес азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

Азаматтық істер бойынша сот төрелігін тек сот қана осы АПК-да белгіленген қағидалар бойынша жүзеге асырады (АПК-ның 7-бабы).

Осыған байланысты, бұзылған құқықтарды қорғау үшін сотқа жүгінген орынды.

11) Мүгедек немесе мүгедек баланың ата – анасы болып табылатын зейнеткерлерді ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері көлемінде стандартты шегерім қолдану

Жауап: 2009 жылдан бастап қолданылған мүгедек немесе мүгедек баланың ата – анасы болып табылатын зейнеткерлердін табысын 75 есе ЕТЖ шегінде салық салудан босатуды көздейтін норманы қалпына келтіру «Бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында (бұдан әрі - Жоба) қарастырылған.

Бүгінгі күні, Жоба Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.

12) Жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен жалақысы төмен жұмысшылардын жеке табыс салығын есептеу

Жауап: Салық кодексіне енген өзгерістерге сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен жалақысы төмен жұмысшылардын салық салық салынатын табысын 90 % азайту қарастырылған.

Есептеу келесі мысалмен жүргізіледі:

Мәселе, жалақы айына 63 125 тенгені (25 – айлық есептік көрсеткіш) құрайды. Осы сомадан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, яғни 6 312 теңге шегеріледі, қалады - 56 813 теңге. Бұл сомадан 1 ең төмен жалақы - ең аз салық салынбайтын кіріс, яғни 42 500 теңге шегеріледі. Салық салынатын табыс - 14 313 теңге қалады. Қолданыста болған механизм бойынша салық сомасы 14 313 *10% = 1 431 теңге болатын еді.

Жаңа тетікке сәйкес, салық салынатын табысының мөлшері 90%-ға төмендейді: 14 313 - (14 313*90%) = 1431 теңге. Бұл сомаға жеке табыс салығының 10% мөлшерлемесі бойынша салық салынатын болады – 1 431*10% = 143 теңге. Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 10 есе 1 431 теңгеден 143 теңгеге дейін төмендейді.

13) Үшінші елдерден импорттау/экспорттау кезінде қандай өнімдер лицензиялануға жатады?

Жауап: ЕуразЭО-қа мүше елдер үшінші елдермен саудада бірыңғай тарифтік емес реттеу шаралары, сонымен қатар оларды бірыңғай әкімшілендіру тәртібі қолданады.

Осылайша, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешімімен бекітілген.

Берілген тізбеге ЕуразЭО кедендік аумағынан/на әкелуге және әкетуге тыйым салынған және шектелген тауарлар кіреді.

Аталған тізбе ЕЭК-ның сайтында жарияланған http://www.eurasiancommission.org/ru/act/trade/catr/nontariff/Pages/ed-perechen_title.aspx

14) Қандай мемлекеттік органдар тауарлардың экспортына/импортына лицензиялар береді?

Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысмен экспорты және (немесе) импорты лицензиялауға жататын тауарлардың, лицензиарлардың және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілген.

Осыған байланысты тауарларды экспорттауға/импорттауға лицензия алған кезде осы Қаулыны басшылыққа алуы керек.

15) Қазақстан Республикасының аумағынан қандай тауарлар экспорттауға тыйым салынған?

Жауап: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында үшінші елдерге ағаш материалдары, қайта өңделген қағазды, картон және макулатураны экспорттауға тыйым салынған.

Келісім нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Кеден одағының кедендік аумағынан тыс Қазақстан Республикасынан мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салады.

16) ЕАЭО аумағына импорттық өнімдерді жеткізу кезінде үшінші елдердің экспорттаушыларына қандай жеңілдіктер беріледі?

Жауап: ЕАЭО аумағында бірқатар импорттық өнімдер үшін ЕАЭО, дамушы және неғұрлым аз дамыған елдерге, тарифтік артықшылықтардың бірыңғай жүйесі қолданылады. Ол келесіні қарастырады:

  • неғұрлым аз дамыған елдерден шыққан жеңілдікті тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының нөлдік мөлшерлемені;
  • дамушы елдерден шығатын артықшылықты тауарларға арналған ЕАЭО-ның БКТ мөлшерлемесінің 75% мөлшеріндегі импорттық кедендік баж салығын.

2016 жылғы 6 сәуірдегі № 47 Комиссия Кеңесінің шешімімен тарифтік преференцияларды алу тәртібі, сондай-ақ оларды ұсыну шарттары бекітілген ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттерде ортақ.

Ең алдымен, тарифтік преференцияларды алу үшін импорттық тауарлардың тарифтік преференцияларды алуға үміткер бола алатытын білу қажет. Осыған байланысты, тауарды шығаратын ел дамушы және неғұрлым аз дамыған елдерге жататынын және импортталатын тауарлардың преференциялар санатына кіретітін тексеру қажет.

Кедендік одақ комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы N 130 шешімімен тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын елдердің тізбесі бекітілді. ЕАЭО кеден аумағына импортталған кезде тарифтік преференцияларды ұсынатын дамушы және неғұрлым аз дамыған елдерден шығарылатын преференцияларды тауарлардың тізбесі 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 8 ЕАЭО Кеңесінің шешімімен бекітілген.

Бүгінгі таңда, 49 дамыған ел және 104 дамушы ел ЕАЭО-ның артықшылықтар жүйесінің пайдаланушылары болып табылады.

17) Егер менің кәсіпорыныма шет мемлекеттен арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуі басталса, не істеуім кажет?

Жауап: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып  үшінші елдер  қазақстандық тауарлардың басқа елдер нарықтарына қол жеткізуіне (тексерулерге бастама жасайтын және жүргізетін ұстанымдары мен ой-пікірлерін жіберетін, сауалнамаларға жедел жауап беретін, жария тыңдауларға қатысатын және басқа) шек қоятын  қандай да бір шаралар (оның ішінде  қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақы шаралары да)  енгізген жағдайда  қазақстадық кәсіпорындардың мүдделерін қорғау  жұмыстарын жүргізеді.

Үшінші елдер қандай да бір шараны қолданбай тексерулерді шет мемлекеттердің органдарымен бірлесіп аяқтау мәселесін пысықтау мәселесін қозғауға бастама жасаған жағдайда бұл оларға қатысты тексеру жүргізілетін отандық өндірушілердің белсенді қатысуларына, бастамалары мен  тартылуларына  тікелей қатысты  болатынын атап өту керек.

Мәселен, қазақстандық тауарларға қатысты тексерулер басталған жағдайда  мүдделі кәсіпорындар:

  • Министрлікке хабардар етіп, өтіп жатқан талқылау аясында бірлесіп жұмыс жасау;
  • шет мемлекеттерден тиісті хабарламаларды алғаннан кейін тексеруге қатысушы ретінде тіркелулері;
  • белгіленген мерзімде сауалнамаға жауаптар берулері;
  • жария тыңдауларға және басқа да рәсімдік сәттерге қатысулары қажет.

Тергеуге бастама жасаған үшінші мемлекеттің уәкілетті органымен өзара әрекеттесу маңызды болып табылады. Жоғарыда көрсетілген өзара әрекеттесу ҰЭМ-мен бірлесе отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл ретте, Министрлік үшінші елдер тексерулерге бастама жасаған және сауда шараларын қабылдаған жағдайда қазақстандық кәсіпорындарға  консультациялық және  талдамалық қолдау жасауға дайын.

18) Импорттық кедендік әкелім бажының мөлшерлемесін қайта қарау үшін не қажет?

Жауап: Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүшесі болып табылатынын ескере отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұсыныстарына негізінде, кедендік әкелім баждарының мөлшерлемелерін өзгерту туралы шешім Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) тарапынан қабылданады.

Бұл ретте, өтінімді қалыптастыру үшін ақпараттың құрамына қойылатын талаптар «ЕЭК-ке мүше-мемлекеттердің кедендік әкелім баждарының (оның ішінде маусымдық) мөлшерлемелерін белгілеу, тарифтік жеңілдіктер, тарифтік жеңілдіктер беру жағдайлары мен шарттары туралы ЕЭК ұсыныстарын беру тәртібі» 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 45 шешіммен көзделген.

Осыған байланысты, тиісті жұмысты орындау үшін өтініш беруші Министрлікке ұсынылатын шараның негіздемесін ұсынуы тиіс, оның ішінде тауарларға сәйкес СЭҚ ТН кодтарын; соңғы үш жылдағы тауарларды өндіру немесе сату көлемі, ұсынылған шараларды енгізген кезде бюджеттің ықтималдылығының жоғалуы және көрсетілген Шешімде көзделген өзге де ақпарат ұсыну қажет.

19) Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі?

Жауап:  2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) мүшесі болды.

ДСҰ-ға мүше болудың негізгі шарты ұлттық заңнаманың осы ұйымның ережелеріне сәйкестігі болып табылады. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның келіссөздерінде заңнамалық өзгерістер жасалды. Валюталық реттеу саласындағы заңнамалар айтарлықтай жақсарды; баға мен бәсекелестікті дамыту; салық саясаты; кедендік реттеу; импортты лицензиялау; сондай-ақ техникалық реттеу, санитарлық және ветеринарлық шаралар қоса алғанда, өнім қауіпсіздігінің шараларын қолдану; зияткерлік меншік құқықтарын қорғау.

Мәселен, бизнес-рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ Қазақстанда жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының 50-ден астам заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді.

Сыртқы сауда саласына әсер ететін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі келісімдердің халықаралық базасы өзгерді.