• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Зияткерлік көлік жүйесінің тәжірибелік технологиясы

1. Курстың тақырыбы: «Зияткерлік көлік жүйесінің тәжірибелік технологиясы»

2. Курстың ұзақтығы: 2018 жылғы 24 маусымнан 21 шілдеге дейін

3. Тілін білу: ағылшын

4. Өтінім жасау мерзімі: 2018 жылғы 20 сәуір

5. Қажетті құжаттар: өтініш формасы, паспорт көшірмесі, ағылшын тілін білу деңгейін растайтын куәліктің көшірмесі (TOEFL, TOEIC, IELTS).

6. Кандидаттарға қойылатын талаптар:

Кандидаттар тиіс:

  • Курс туралы жалпы ақпаратта көрсетілген ережелерге сәйкес өз елінің Үкіметінен ұсыныс алу;
  • Жолдық тасымалдау жұмысын ұйымдастыруға және көлік секторында Интеллектуалды көлік жүйесін енгізуге жауапты мемлекеттік қызметші болу;
  • Жоғары техникалық білімі бар;
  • Жол қозғалысын басқару саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар;
  • Оқуға қатысқаннан кейін 10 жыл бойы сол салада жұмыс істеуді жалғастырады;
  • Жоғарғы деңгейде ауызша және жазбаша ағылшын тілін білу;
  • 50 жастан асқан емес;
  • бағдарламға белсенді қатысуға мүмкіндік беретін, жақсы дене және психикалық денсаулығы болуы;
  • әскери қызметте болмауы.

7. Ақшалай жәрдемақы:

JICA төлейді: Барып-қайту әуе билеті (Қазақстан – Жапония, Жапония - Қазақстан) Жапонияда тұру, тәуліктік жәрдемақы, басқа да шығындар, оқу орталығынан оқу орнына дейін жолды, және оқу экскурсиясын, Жапонияда ауырған жағдайда медициналық көмек.

Қазақстан өңірлерінде тұратын өтініш берушілер өтініш берген кезде қалаған кету пунктін (Астана немесе Алматы) көрсетуді сұраймыз. JICA курстарының қатысушыларына Жапонияға бару маршрутын ішкі және халықаралық рейстерді күні мен уақытын өзгертуге рұқсат етілмейтініне назар аударуыңызды сұраймыз.

JICA төлемейді: авиабилет салығын, әуежай салығын/Жапониядан тыс әуежайдағы басқа да шығыстард, ел ішіндегі көлік шығындары мен басқа да шығындарды.

Толық ақпаратты JICA Kenshu-In Guide Book кітапшасында табуға болады.