• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

74593

№: 74593 Дата: 30.03.2019 - 14:17:55 Статус: Опубликовано
Вопрос:
Сәлеметсіздерме.Мен Қазақстан Республикасының азаматы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы мектепке мұғалім болып 2018жылы,қазан айында жұмысқа тұрып едім. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы пәтерге несие беретінін естіп қараша айында қалалық әкімшілікке өтініш жазып,кезекке тұрдым. Қазіргі кезде пәтерге несие алғаным жоқ. Өзім жайлы айтатын болсам, үйленгенмін,екі балам бар. Министр мырза бюджетке ақша бөлулеріңізді өтінемін
Ответ:
Құрметті Ерден Жұмағалиұлы! Өтініш білдіргеніңіз үшін рахмет! Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қағидасына сәйкес, (бұдан әрі - Қағида) мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады. Атап өту қажет, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссия маманға (толық құжаттар тізбесін ұсынған жағдайда) көтерме жәрдем ақыны – 27 жұмыс күн ішінде, ал тұрғын үй сатып алу немесе салуға бюджеттік кредитті – 47 (қырық жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады. Алайда, Қағиданың 10-1 тармағына сәйкес, мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда, Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігіне әлеуметтік қолдау шараларын алушы үміткерлердің қатарынан мамандардың өтініш берген күні бойынша кезектілікті қалыптастыру жолымен әлеуметтік қолдау шараларын беруді тоқтатуға ұсыным жасайды. Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған мамандардың құжаттарын қайта қарау мерзімін Әкімші белгілейді және ол бір жылдан артық болмайды. Бұл ретте, Әкімші әлеуметтік қолдау шараларын беру мерзімін тоқтату туралы хабарламаны маманға жолдауы қажет.