• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

74595

№: 74595 Дата: 08.04.2019 - 23:36:28 Статус: Опубликовано
Вопрос:
Сәлеметсіз бе? Мен Қарағанды қаласы, Бұқар жырау ауданының математика пәні мұғалімі болам. Мен 2015 жылы ҚарМУ университетіне сырттай бөлімге математика пәні мұғалімі мамандығына түстім. Соңғы курс студенті болған уақытта Бұқар жырау ауданының Ю.Гагарин атындағы ЖББ орта мектебіне шақырылдым. Мен 2016 жылдың 1 қыркүйегінде осы ауданға математика пәні мұғалімі ретінде орналастым, бұл уақытта менің қолымда тек соңғы курста оқып жатыр деген анықтама ғана болды. Сол себепті маған дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша көмек көрсетілмеді, ал 2017 жылы дипломды қолыма алғаннан кейін көтерме көмек пен баспана алу мақсатында берілетін несиеге кезекке тұруға аудандық экономика бөліміне барғанымда, маған елбасының бағдарламасы бойынша қарастырылған көмекті көрсетуден бас тартты. Негізгі себеп жұмысқа диплом алмай тұрып орналасуым деп көрсетілген. Менің сұрағым сонда соңғы курс оқып жүріп ауылға анықтама бойынша барған жас мамандарға ешқандай көмек көрсетілмегені ма немесе олар мұғалімдер санатына жатпайды ма?
Ответ:
Құрметті Ербол Айболат! Өтініш білдіргеніңіз үшін рахмет! «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары (көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға немесе сатып алуға бюджеттік кредит) көрсетіледі. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынады. Оның ішінде, бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi. Егер маман ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын талаптарына сәйкес келсе, сондай-ақ маман дипломы бойынша тиісті салада жұмыс істеген жағдайда, әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мәселесі тұрақты комиссия отырысында қарастырылуы мүмкін. Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінде құрылған комиссия мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы мәселелерді қарастырғанда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай жағдайлардың әртүрлі өзгешіліктерін ескере отырып тиісті және нақты шешім қабылдайды. Шешім қабылдау барысында Комиссия аталған мәселелерге қатысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны басшылыққа алуы қажет.