• Версия для слабовидящих
  • Мобильная версия

Вы здесь

Новости

24.12.2019 г.

Ел экономикасын 2020 жылы не күтіп тұр

Ұлттық экономика министрлігі болжамдарын жеткізді.

Министрлік басшысы Руслан Дәленов үкімет қалтарысында 2020 жылы ел экономикасының дамуына қатысты болжамдарымен бөлісті.

«Ұлттық экономика министрлігі келесі жылға сенімді аяқ басып отыр. Менің ойымша, 2019 жылы атқарылған істер 2020 жылдағы жақсы өсімге негіз болады. Оған қажетті жағдайлар жасалған», – деді Дәленов.

Ол ағымдағы жылы аймақтарды дамыту бағдарламасынан бастап, бизнесті дамыту, ИИДМБ-мен аяқтай отырып, көптеген мемлекеттік бағдарламалардың өзектендірілгенін еске салып өтті. 

Бұл, министрдің бағалауынша, келесі жылғы экономикалық өсімнің жақсы бастауы болмақ.

Бұдан бұрын, ол өткен жылғы қазан мен қарашада ЖІӨ-нің өсімі 4,1%-ды құрағанын және 2018 жылдың 4,1% өсіммен аяқталғанын хабарлаған болатын. Ағымдағы жылғы қазан мен қарашада экономика өсімі 4,4%-ды құрады. Сондықтан желтоқсандағы өсім одан төмен болмайды деуге негіз бар. Осы орайда, атап айтар жәйт, ағымдағы жылы экономика өсімінің динамикасы өрлеу трендіне ие. Бұдан бөлек, өңдеу өнеркәсібіндегі оң өсімге де назар аударылды.

Негізгі салалардағы өндірістің артуы, ішкі сұраныстың кеңеюі мен қызмет көрсету секторының дамуы, сондай-ақ инвенстициялық жобаларды жүзеге асыру экономика өсімінің негізгі факторлары болды. 

ЖІӨ-нің өсуіне неғұрлым үлкен үлесті -  – 3,8 пайыздық пункт - шикізат емес сектор қосты. Ал шикізат секторының үлесі (ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндірісі) 0,6 пайыздық пункті құрады....

 

https://kursiv.kz/news/ekonomika/2019-12/el-ekonomikasyn-2020-zhyly-ne-kutip-tur

 

 

 


Читайте также:

Хотите подписаться на наши новости?